Басты бет

Сын тұрғысынан ойлау – бұл адамның өзінің және өзгенің ойын обьективті түрде бағалау,  барлық шыққан мәлімдемелер мен қорытындыларды мұқият және жан-жақты тексере білу қабілеті. Сын тұрғысынан ойлау,  яғни шығармашылық ойлау, индивидтің  жеке және кәсіби өміріндегі басымдылықтарын анықтауға көмектеседі, қабылдаған шешімдеріне жауапты болу мүмкіндігін береді, ақпаратпен жеке жұмыс істеу мәдениет деңгейін арттырады, анализ жасау және жекелей шешімдерге келу қабілетін қалыптастырады, өз шешімдерінің нәтижесін болжау мен жауапкершілікке алуды көздейді, бірлескен іс-әрекетте диалог мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.