ДЖИК СО стратегиясы

Ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе сарапшылар топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 – бөлігін екілер, 3 – бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін – бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-жақты талқылайды. Бұл жерде олар: 1) тақырыптың мазмұнын бірлесе игеру (қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру арқылы) жұмысымен айналысады: “Не білдік? Не үйрендік?”; 2) бастапқы топтарына оралғанда, басқаларды мәтіннің өз бөліміне қалай үйретуге болатындығын талқылайды: “Қалай үйретеміз?”.

Мұнда мұғалімнің оларға бірін-бірі тек сөз арқылы ғана үйретпей, әрекет арқылы да үйрету керектігін ескерткендігі орынды. Сол себепті оқушылар “Қалай үйретеміз?” деген мәселені талқылағанда, мынандай үйрету тәсілдерін қолдану қажеттігін де ойластырғандары жөн болады:

  • Тірек сөздер кестесі
  • Мәтін жоспарының сызбасы
  • Кластерлер
  • Ойлау карталары
  • Мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар

Осы кезде оқушылардың өздерін ұстаз рөлінде сезінуі керек. Олардың осы бөлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бөлімнің “сарапшысы” атанады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *