Бұл графикалық техника процесті бір жүйеге келтіруге көмектеседі. Мәселені толығырақ, терең зерттеп, түрлі бөліктері арасындағы ішкі байланыстарды көрсету үшін қолданылады. Басы – тақырып сұрағы, жоғары сүйектері – тақырыптың негізгі ұғымдары, себептері, төменгі сүйектері – мәселенің мәні, құйрығы – сабақтың қорытындысы. Жазбалар, мәселенің мәнін ашатын қысқа шешуші сөздер немесе сөз тіркестерінен тұруға тиіс. Фишбоун материалдарды жүйелеу құралы ретінде тамаша жұмыс істейді және тақырыпты түсінуге жақсы көмектеседі.