Дэвид Kлустердың сыни ойлауды анықтауға арналған бес ұғымы

Біріншіден, сыни ойлау тәуелсіз ойлау болып табылады. Сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген кезде, әрбір оқушы өз идея, бағасын және сенімін, басқаларға тәуелсіз тұжырымдайды. Ешкім де тек біреу үшін сыни тұрғыдан ойлай алмайды, әркім бұны өзі үшін атқарады. Сондықтан, ойлау ол жеке тұлға болып табылатын кезде ғана сыни болуы мүмкін. Оқушылар өз басымен ойлануға және тіпті ең күрделі мәселелерді шешу үшін жеткілікті еркіндігі болуы тиіс. Сын тұрғысынан ойлау толық мінсіз болуы тиіс емес: әр адам, басқа адамның идеясын немесе нанымын өзінің ойы ретінде қабылдай алады. Себебі біреудің пікірімен келісу тіпті жағымды әрекет – ол оның өз ойының дұрыстығын растайды. Дербестік, осылайша, бірінші және, бәлкім, сыни ойлаудың ең маңызды сипаттамасы болып табылады.

Екіншіден, ақпарат  ашық болып табылады. Білім жігерлендіреді, онсыз адам сыни ойлай алмайды. Күрделі, кешенді идеяны жасау үшін көптеген «шикі» фактілер, идеялар, мәтіндер, теориялар, тұжырымдамаларды қайта қарау, өңдеу қажет. Сын тұрғысынан кез-келген жаста ойлауға болады: тек студенттер ғана емес, тіпті бұл үшін бірінші сынып оқушыларында да жеткілікті өмір тәжірибесі мен білімі жинақталған. Әрине, балалардың ойлау қабілеті әлі оқу барысында жетілдірілетін болады, бірақ тіпті балалар  да сыни және мүлдем дербес ойлауға қабілетті.Өзінің танымдық қызметінде, студенттер мен оқытушылар,  жазушылар мен ғалымдар әрбір жаңа фактіні сыни талқыға салады. Сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі білім алу үдерісі өзіндік қасиетке ие болады  және мағыналы, үздіксіз  және нәтижелі бола бастайды.

Бүгінгі қоғамның ақпаратқа әбден қанығын байқауға болады. Басып шығару құралы, радио, теледидар, Интернет –  барлық  ақпарат көзінен кез-келген тақырып бойынша мәселе жайлы мәліметтерді жинастыруға болады. Сондықтан, бір мәселені қарастырғанда,  әр адам түрлі дерек көздеріне жүгінеді. Алынған деректерді ең алдымен жинақтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бүкіл ақпаратты бір сәтте ойда ұстап, онымен бір мезгілде жұмыс жасаудың  қажеті жоқ. Баға беретін ақпараттың ең алдымен басты тезистерін тақырып бойынша теріп жазып,  жазбада көзқарас қайшылығы байқалмайтынына көз жеткізу керек. Бұл жиі деректерді  түрлі көздерден алған кезде орын алады және ақпаратты алушының «дұрыс» пікірін қалыптастыру үшін өңделгенін білдіреді. Жазбаңызға сүйене ақпаратты өз сөзімен жеткізу қажет. Мәтінді мағынасыз қайталау қажеті жоқ, басты ойды анықтап, оны есте сақтаған жөн. Жеткізетін жаңалықтың шын мәнінде не жайлы болғанын анықтағаннан кейін, ол туралы жеке пікір қалыптастыруға болады.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау, сұрақтар қойылып  және  шешілу қажет мәселені түсінуден басталады. Адам баласы табиғатынан әуес, ақиқатты білуге құштар. Алдымен жаңа нәрсені байқап, оның  қандай қасиетке ие екенін білуге асық. Белгілі бір назар аударарлық затты көріп, оны дереу зерттеп, білуге дайын. «Жануарлар әлемінде,– химик және философ Майкл Полани  былай дейді – құрттар сияқты қарапайым формаларынан бастап және мүмкін тіпті амеба болсын, себепсіз қимылды байқаймыз, оның себебі қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыруға байланысты емес – нағыз барлау, зерттеу қызметі. Әрбір тірі жан қоршаған ортаны интеллектуалды бақылауда ұстауға тырысады» Әуестік, осылайша, барлық тіршілік атаулының ажырамас қасиеті болып табылады. Осы дағдыны үлкендер мен студенттерге қарағанда, сәбилерден байқауға болады. Алайда, шынайы оқыту процесі оның  кез-келген сатысында оқушының мәселелерді шешуге деген ұмтылысы және өз мүддесі мен қажеттіліктеріне байланысты туындайтын сұрақтарға жауап білу ниетімен сипатталады. « Сондықтан,  — Джон Бин — сыни тұрғысынан оқытудың күрделілігі, бір жағынан, оқушыларға бізді қоршаған мәселелердің әртүрлілігін айыра білуге көмектесу » — деген тұжырым жасайды. Бразилиялық педагог Пауло Фрейре “оқушылардың ойы түрлі “шоттар” сұрыптайтын,есептегіш құрал ретінде қызмет етсе, мұғалімдер түрлі білімді енгізетін әдістеме, дәстүрлі “жиынтық”  білім беруді, “проблема-аралық” білімге, өмірден алынған мәселелерге,  ауыстыру қажет» ,— деп пікірін білдіреді.  Ғалымның ойынша, егер оқушылар мәселелерді тұжырымдаса, білім алу процессі сәтті өтеді, оған қоса экономикалық, әлеуметтік, саяси, өз тәжірибесі негізінде, барлық мектеп беріп отырған мүмкіндікті пайдалана отыра, оны шешулері қажет. Әсіресе Фрейре жеке тұлғаны басу,  жаншу сұрақтарына аса назар аударады. Ол дұрыс ұйымдастырылған білім беру, оқушыларды бұл мәселеден босататынына сенімді.

Төртіншіден, сын тұрғысынан ойлау айқын дәлелді ұстанады. Сыни ойлай алатын адам өз мәселесіне шешімін табады және осы шешімді ақылға қонымды, сондай-ақ жүйелі негіздермен дәлелдейді. Сол мәселеге өзгеше шешімдер бар болуы мүмкін екенін біледі, және өзі таңдаған бұл шешімінің басқаларға қарағанда,  көп қисынды және әлдеқайда тиімді екенін дәлелдеуге тырысады. Әр дәлел үш негізгі элементтерді қамтиды.  Дәлелдің негізгі ойы пікір, пайымдама. Пікір бірқатар дәлелдермен келтіріледі. Әрбір дәлел, өз кезегінде, дәлелдемелермен толықтырылады. Дәлелдеме ретінде статистикалық деректер, мәтіннен үзінділер, жеке тәжірибе және осы пікірді растайтын, барлық басқа талқылаудағы, қатысушылармен мойындалған, басқа да бүкіл деректер дәлелдеме ретінде танылуы мүмкін.

Барлық айтылған элементтердің  (пікір, дәлел, дәлелдеме) ең басында – төртінші элемент бар, ол – негіз, яғни себеп. Негіз – бұл оратор немесе жазушы мен оның аудиториясы үшін жалпы болып табылатын және барлық дәлел үшін себеп болатын, бір ортақ сілтеме десек немесе санау нүктесі десек болады.  Жақсы түсінік қалыптасу үшін мысал келтіруге болады,  автор көше суретшілері қоғамдық ғимараттарға граффити суреттерін қоюға құқығы бар екенін мәлімдейді (пікір), себебі бұл суреттер олардың жеке сенімін білдіргендіктен (дәлел) және кейде көркем құндылықты болып табылады (тағы бір дәлел). Содан кейін автор дәлелдемелер келтіреді мысалы, мемлекет Конституциясынан, сөз бостандығы құқығынан үзінді немесе саяси философтың жұмысынан дәйексөз келтіреді, әркім өз пікірін білдіруге құқығы бар екенін бекітеді. Сонымен қатар, автор көркемдік құндылығы бар граффити мысалдарын көрсете алады. Негіздеме немесе дәлелдеменің сілтемесі, адам құқығының басты мәселелесі ретінде, пікір білдіру, сөз еркіндігі бостандығы идеясы болып табылады. Дәлелдеме жеңіске жетеді, егер оған қарсы талқыға түсетін, не жарамды танылуы мүмкін, ықтимал дәлелдемелер болуын ескерсе. Басқа көзқарас дәлелдемелерді мойындау, қарсы дәлелдемені одан аса күшейтеді. Мысалы, көше суретшілерінің құқығын қолдайтын автор өзінің дәлелін нығайта алады, егер ғимарат иелерінің де құқықтары бар екенін, оны да қорғау керек екенін мойындаса, солай ол  суретші құқықтары мен ғимараттың құқықтары иесінің арасындағы мәмілені табуға тиіс. Сыни тұрғыдан ойлай алатын, мықты дәлелдермен қаруланған адам тіпті жазбаша сөз, дәстүр күші және көпшіліктің пікірі сияқты авториттеттерге қарсы тұра алады, оны алдап-арбау іс жүзінде мүмкін емес болады.  Іс-әрекеттер немесе құндылықтар туралы қиын шешімдер шығару үшін ақылға қонымды, теңгерімді тәсіл сыни ойлаудың көп анықтамаларының  негізі болып табылады.

Ең соңғы бесінші, сыни ойлау – әлеуметтік ойлау болып табылады. Әрбір ой басқалармен бөліскен кезде, тексерістен өтеді және жетілдіріледі. Дауға түскенде, білім алғанда,  талқылағанда, наразы болғанда және басқа адамдармен пікір алмасқан жағдайда, әр адам өз ұстанымын нақтылайды және нығайтады. Сондықтан, сын тұрғысынан ойлау әдістемесімен жұмыс істейтін мұғалімдер, әрдайым өздерінің сабақтарында түрлі жұптық және топтық жұмыстың барлық түрлерін, оған қоса пікірталастар мен талқылаулар жүргізуге, сондай-ақ студенттердің әр түрлі жазбаша жұмысын жариялау әдістерін пайдалануға тырысады. Сайып келгенде, кез-келген сыни ойшыл белгілі бір қауымдастықта жұмыс жасайды және өзінің ғана жеке басын ойлауға қарағанда кеңірек мәселені шешеді. СТО әдістемесімен жұмыс істейтін мұғалімдер, тиімді пікір алмасу үшін оқушылардың мынадай қажетті қасиеттерін дамытуға үлкен назар аударады: төзімділік, басқаларды тыңдау қабілеті, өз көзқарасы үшін жауапкершілік. Осылайша, мұғалімдер сынып қабырғасының ар жағында өтіп жатқан нақты өмірге, оқу процесін барынша жақындастыруға тырысып, бейімдейді. Нәтижесінде, кез-келген педагогикалық қызмет мінсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған, және бұл мағынада сын тұрғысынан ойлау негіздерінде оқытылған бір мектеп сыныбы, үлкен мақсаттарға жету жолындағы қадам болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *