Ой-толғаныс

“Ой-толғаныс” кезеңінде (Reflection) үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстыра отырып өзгертеді.

Осы кезеңде олар сұрақтар, ұсыныстар, пікірталастар, зерттеулер арқылы бұрынғы түсініктерінің негізінде жаңа білім құрастырады. Үйрену дегеніміз өзгеру және өзгерту деген сөз. Өзгеру жаңа түсініктің атаулары мен терминдері, жаңа әрекеттер, білімнің жаңа ахуалы мен жаңа сенімдер тұрғысында болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер үйренушілердің бұрынғы білім негізінде жаңа түсінікті қалыптастыру жұмысына белсене араласқанда пайда болады.

Кезең басты мақсаттары:

1.Үйренушілер өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтер арқылы жеткізеді.

Зерттеу және түсінік – өзіндік, дербес ұғымдар. Үйренушілердің есінде өздерінің тәжірибесі, білімі, сөздері арқылы түсінгендері қалады. Жаңа түсінік тек осындай өзіндік контекстте пайда болады.

2. Үйренушілер бір-бірімен ой бөліседі.

Пікірлесу арқылы үйренушілерде өзіндік пікірлердің пайда болуына ой талқыда келтірілген көзқарастардың әр түрлігі, сан алуандығы көп септігін тигізеді. Үйренушілердің ой алмасуда әр түрлі пікірлерді келтіруі жаңа мәліметтің игерілуіне жол ашады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *