«Болжам» стратегиясы

Тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушыларға “Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады (қандай тақырып маңайында өрбиді, қандай негізгі мәселелер көтеріледі)?” деген сұрақ қойылады. Оқушылар осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады.

Кейінірек оларға “сіздердің болжамдарыңыз тура келді ме, жоқ па? Неліктен деп ойлайсыз?” деген сұрақ қойған орынды. Болжауды сабақ бөлімдерінің арасында да қолдануға болады: “Әрі қарай қандай мәселе сөз болады деп ойлайсыздар?” Бұл жерде, әрине, мәселе оқушылар болжауының дөп тиіп, дұрыс болуында емес, ең бастысы олардың тақырып бойынша белсенді түрде ой қозғауы. Мұнда бұрыс жауаптардың өзі де ұтыс жағдайында болады: есесіне оқушылар сабақ барысында өз қателерін өздері түзетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *