Б.Гершунский«сын тұрғысынан ойлау» әдістемесінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауы

  • Жаңа ойлау стилін қалыптастыру; оған мынадай қасиеттер тән: ашықтық, икемділік, рефлексивтілік;
  • Сыни ойлау, ревлексивтілік, коммуникативтілік, шығармашылық, ұтқырлық, автономиялық, төзімділік, өз таңдауы үшін жауапкершілік және өз қызметінің нәтижесін көру сияқты негізгі тұлғалық қасиеттерін дамыту;
  • Аналитикалық, сыни ойлауын дамыту;

Толығырақ…

Блум таксономиясы

Білім беру жүйесінде кеңінен тараған педагогикалық идеялардың бірі – Чикаго университеті ғалымдарының психолог Бенджамин Блумның жетекшілігімен құрастырған таксономия. Ол таксономияны құрастыруда оқу үдерісінде  жоспарланған мақсаттарды нақты айқындау қажеттілігімен түсіндірген. Толығырақ…

Ой-толғаныс

“Ой-толғаныс” кезеңінде (Reflection) үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстыра отырып өзгертеді.

Осы кезеңде олар сұрақтар, ұсыныстар, пікірталастар, зерттеулер арқылы бұрынғы түсініктерінің негізінде жаңа білім құрастырады. Үйрену дегеніміз өзгеру және өзгерту деген сөз. Толығырақ…

Мағынаны ажырату

“Мағынаны ажырату” кезеңі (Realization of meaning) жаңа материалды игеруде туындаған сұрақтарға үйренушілердің  өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруімен ерекшеленеді.

Бұл кезеңде үйренушілер жаңа ақпаратпен немесе идеялармен тікелей қарым-қатынас жасап, оларды дербес түрде зерттейді, ізденеді. Толығырақ…

Қызығушылықты ояту

“Қызығушылықты ояту” кезеңінде (Evocation) үйренушілер білім процесіне ниеттеледі, айрықша көңіл аударады, жаңа материалды игеруге ынталанады. Бұл кезеңде мынандай үш мақсат жүзеге асырылады:

1.Қарастырылатын тақырып бойынша үйренушілер бұрынғы білімдерін есіне түсіреді. Толығырақ…

Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту

Елімізде 1997 жылдан бастап қолданып келе жатқан сыни ойлауды дамытуға арналған “Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту” (Reading and Writing for Critical Thinking) әдістемесі сабақтың үш құрылымдық кезеңін ұстанады:  “Қызығушылықты ояту – Мағынаны ажырату – Ой-толғаныс”. Толығырақ…

Критикалық ойлаушының жеті қасиеті

Критикалық ойлаушы Критикалық ойламайтын адам
1 Көзқарастар мен дәйектерді жақсы түсінеді және бағалай біледі Көзқарастар мен дәйектерді жиі түсіне алмайды және қате бағалайды
2 Көрсетілген мәліметтер мен дәлелдер арқылы дұрыс ойланады және сәйкес келетін тұжырым жасайды Көрсетілген мәліметтер мен дәлелдер болса да қате ойланып,негізсіз тұжырым жасайды
3 Қарама-қарсы пікірлерді тыңдап,өзіне қатысты өзгелердің болжамдары мен сындарын қарсы алады Өзіне қатысты өзгелердің болжамдары мен сындарын қарсы ала алмайды

 

4 Өз тұжырымдарын жеке басының қызығушылығы мен қажет деп санаған  ойымен емес нақты дәйектермен негіздейді Өз тұжырымдарын көбінесе нақты дәйектермен емес,жеке басының қызығушылығы мен қажет деп санаған

ойымен негіздейді

5 Өзінің дүниетанымын қалыптастыратын нанымдарын саналы түрде қабылдайды.Білмейтіндерін мойындайды және өзінің шектелу қажеттігін ұғынады Өзінің дүниетанымын қалыптастыратын нанымдарын саналы түрде қабылдамайды
6 Егер де өзінің критикалық ойлауына қарсы болса көпшіліктің пікірімен келіспеуден қорықпайды Егер де өзінің критикалық ойлауына қарсы болса да көпшіліктің пікірімен келісуге дайын тұрады
7 Кең ауқымдағы сұрақтарды қызықтайды.Қиындық пен кедергілерге қарамастан ақиқатты орнатуда табандылық танытады Кең ауқымдағы сұрақтарға деген қызығушылық танытпайды.Осыған орай,қиындықтар мен кедергілер жолықса ақиқатты тануға деген табандылық танытпайды

 

Дэвид Kлустердың сыни ойлауды анықтауға арналған бес ұғымы

Біріншіден, сыни ойлау тәуелсіз ойлау болып табылады. Сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген кезде, әрбір оқушы өз идея, бағасын және сенімін, басқаларға тәуелсіз тұжырымдайды. Ешкім де тек біреу үшін сыни тұрғыдан ойлай алмайды, әркім бұны өзі үшін атқарады. Сондықтан, ойлау ол жеке тұлға болып табылатын кезде ғана сыни болуы мүмкін. Оқушылар өз басымен ойлануға және тіпті ең күрделі мәселелерді шешу үшін жеткілікті еркіндігі болуы тиіс. Толығырақ…

Балалардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктері

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез-келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес,себепке негізделу. Толығырақ…

СТО және Дәстүрлі сабақ айырмашылығы

СТО сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.  Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.  Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым. Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.
Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы Жоғары жақтан күштеу
Еркін түрде әрекеттесу Еркіндікке жол бермейтін тәртіп
Тәжірибе арқылы үйрену Кітаптар бойынша үйрену
Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін

біліктер мен дағдыларды игеру

Қайталау арқылы жүйеленбеген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру