- Білімнің көлемі немесе көптігі ақпараттың мақсаты болып табылмайды, студенттің бұл ақпаратты басқару қабілеті маңызды: іздеу, оны жақсы жолмен пайдалану,оның мағынасын ашу, өмірде пайдаға асыру.
- «Дайын» білімді иемденбеу, керісінше оқыту процесінде туған өз біліміңізді шыңдау.
Ойлаудың алты қалпағы
Бұл топтық танымдық белсенділік әдісі, ол проблеманы рационалды ұйымдастыруға арналған және де қабылдау мен бағалаудың түрлі жақтарын көрсетеді. Бір мәселе, жағдаят алдын-ала беріледі. Ол көпөлшемді болып, нақты бір жауабы немесе шешімі болмауы қажет. Толығырақ…
Фишбоун
Бұл графикалық техника процесті бір жүйеге келтіруге көмектеседі. Мәселені толығырақ, терең зерттеп, түрлі бөліктері арасындағы ішкі байланыстарды көрсету үшін қолданылады. Басы – тақырып сұрағы, жоғары сүйектері – тақырыптың негізгі ұғымдары, себептері, төменгі сүйектері – мәселенің мәні, құйрығы – сабақтың қорытындысы. Толығырақ…
Тірек сөздер стратегиясы
Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
ДЖИК СО стратегиясы
Ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе сарапшылар топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 – бөлігін екілер, 3 – бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін – бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Толығырақ…
Миға шабуыл стратегиясы
Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Толығырақ…
Қосжазба күнделігі
Мәтін мазмұнына оқушылардың зейінін аудартып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте. Мәтінді оқығанда оқушы қағазды екі бөлікке бөліп, сол жағын “үзінділер” деп атап, оған мәтінде өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде мәтінді көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ. Қағаздың оң жағы “Түсіндірме” деп аталады. Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазды, оның себебі қандай? Толығырақ…
Жуан-жіңішке сұрақтар
Оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Олар жуан және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жуан сұрақтар кетеді. Толығырақ…
РАФТ
Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Толығырақ…
«Болжам» стратегиясы
Тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушыларға “Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады (қандай тақырып маңайында өрбиді, қандай негізгі мәселелер көтеріледі)?” деген сұрақ қойылады. Оқушылар осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады. Толығырақ…