«Болжам» стратегиясы

Тақырып атауы келтірілгеннен кейін оқушыларға “Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады (қандай тақырып маңайында өрбиді, қандай негізгі мәселелер көтеріледі)?” деген сұрақ қойылады. Оқушылар осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады. Толығырақ…

«Ирек» стратегиясы

 Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын-ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат — әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.

Кластер (топтастыру)

Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта жалғасады.

Кубизм стратегиясы

Кубизм стратегиясы. Кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.

Т-кестесі

Т-кестесі. Бір-біріне қарама-қарсы (“иә/жоқ”, “келісемін/келіспеймін”, “қарсымын/жақтаймын” секілді) немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Толығырақ…

«Синквейн» тәсілі

 «Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше). Толығырақ…

Инсерт кестесі

Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V» — білемін, «+» — мен  үшін жаңа,  «-» — менің ойлағаныма қайшы, «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді. Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Толығырақ…