Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V» — білемін, «+» — мен үшін жаңа, «-» — менің ойлағаныма қайшы, «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді. Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.