Қосжазба күнделігі

Мәтін мазмұнына оқушылардың зейінін аудартып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте. Мәтінді оқығанда оқушы қағазды екі бөлікке бөліп, сол жағын “үзінділер” деп атап, оған мәтінде өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде мәтінді көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ. Қағаздың оң жағы “Түсіндірме”  деп аталады. Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазды, оның себебі қандай?

Осы арқылы ол мәтін туралы өз ойларын, түсінігін, пайымдау мен дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағы бағанға қарағанда маңызды болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек. Мәтін бөліктері арасындағы үзілістерде оқушылар жұптасып, жазғандарымен бөліседі, оларды талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім әр үзілісте бір-екі оқушыны жазбаларын бүкіл сыныпқа оқып беруін сұрайды.

Мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *