Критикалық ойлаушы | Критикалық ойламайтын адам | |
1 | Көзқарастар мен дәйектерді жақсы түсінеді және бағалай біледі | Көзқарастар мен дәйектерді жиі түсіне алмайды және қате бағалайды |
2 | Көрсетілген мәліметтер мен дәлелдер арқылы дұрыс ойланады және сәйкес келетін тұжырым жасайды | Көрсетілген мәліметтер мен дәлелдер болса да қате ойланып,негізсіз тұжырым жасайды |
3 | Қарама-қарсы пікірлерді тыңдап,өзіне қатысты өзгелердің болжамдары мен сындарын қарсы алады | Өзіне қатысты өзгелердің болжамдары мен сындарын қарсы ала алмайды
|
4 | Өз тұжырымдарын жеке басының қызығушылығы мен қажет деп санаған ойымен емес нақты дәйектермен негіздейді | Өз тұжырымдарын көбінесе нақты дәйектермен емес,жеке басының қызығушылығы мен қажет деп санаған
ойымен негіздейді |
5 | Өзінің дүниетанымын қалыптастыратын нанымдарын саналы түрде қабылдайды.Білмейтіндерін мойындайды және өзінің шектелу қажеттігін ұғынады | Өзінің дүниетанымын қалыптастыратын нанымдарын саналы түрде қабылдамайды |
6 | Егер де өзінің критикалық ойлауына қарсы болса көпшіліктің пікірімен келіспеуден қорықпайды | Егер де өзінің критикалық ойлауына қарсы болса да көпшіліктің пікірімен келісуге дайын тұрады |
7 | Кең ауқымдағы сұрақтарды қызықтайды.Қиындық пен кедергілерге қарамастан ақиқатты орнатуда табандылық танытады | Кең ауқымдағы сұрақтарға деген қызығушылық танытпайды.Осыған орай,қиындықтар мен кедергілер жолықса ақиқатты тануға деген табандылық танытпайды |