Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
– Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.
– Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).
– Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.
– Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
“Ой қозғау” тәсілін қолданғанда мынандай ережелерді ұстану қажет:
- Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау.
- Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау.
- Кез-келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу.
- Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, “ашылуы” үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.
- Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар келтіру жұмыс аяқталғаннан кейін ғана бастау. Мұндай жұмысты алғашқы әрекетке қатынаспаған сарапшыларды жұмылдыру.
“Ой қозғауды” сабақта былайша қолдануға болады:
- Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (проблема,мәлімет,сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.
- Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай,келтіре беруі керек.
- Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін.
- Барлық идеялар сарқылмайынша олар қағазға түсіріле береді.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.