СТО әдістерінің негізгі ерекшеліктері

  • Білімнің көлемі немесе көптігі ақпараттың мақсаты болып табылмайды, студенттің бұл ақпаратты басқару қабілеті маңызды: іздеу, оны жақсы жолмен пайдалану,оның мағынасын ашу, өмірде пайдаға асыру.
  • «Дайын» ​​білімді иемденбеу, керісінше оқыту процесінде туған өз біліміңізді шыңдау.

  • Оқытудың коммуникативті – қызмет түрі, интерактивті, диалогті оқыту режимін қарастыратын, мәселелерді бірлесіп шешу, сондай-ақ мұғалім мен оқушылар арасындағы «серіктестік» қарым-қатынас қамтамасыз ете оқыту.
  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті – кемшілігін іздеу емес, бұл қарастырылып жатқан нысанның пайдалы және зиян жақтарын объективті бағалауды жүзеге асыру.
  • Қарапайым және шамадан тыс жалпыламалар, таптаурын сөздер, клишелер, мөртабандар, расталмаған сметалар әрқашан дәл емес болуы мүмкін және стереотиптердің қалыптасуына әкеледі.
  • «Барлық», «ешкім», «ешқашан», «әрқашан» және осындай кейбір «Мұғалімдер балаларды түсінбейді», «Жастар қарттарды сыйламайды» деген сияқты сөйлемдерді қолдану қате көзқарасқа алып келеді, сондықтан келесі сөздерді қолданған жөн «кейбіреулер», «кейде», «жиі».
  • Осылайша, сын тұрғысынан ойлау жеке дағды емес, бұл бала дамуы мен оқуы барысында біртіндеп қалыптасатын қабілеттер мен дағдылар жиынтығы. Бұл жиынтық егерде балалар сабақта пассивті тыңдаушылар болмай, дербес ақпаратты іздеп,алған білімдерін басқа салалармен салыстыра,саралай алса және де өз практикалық тәжірибесіне сүйене білсе жылдам қалыптасады. Сонымен қатар, оқушылар (мұғалімдері оларға көмектесуі керек) ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығына күмән келтіре алулары,дәлелдемелердің логикасын тексерулері тиіс,қорытындылар жасап,теориялық білімді пайдалану үшін жаңа мысалдар құрап, шешімдер қабылдап, әр түрлі құбылыстардың себептері мен салдарын зерттеулері тиіс. Жүйелі түрде сыни ойлауды қолдану үшін оқу үдерісінде ерекше ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін қалыптастыру керек.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *