Елімізде 1997 жылдан бастап қолданып келе жатқан сыни ойлауды дамытуға арналған “Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту” (Reading and Writing for Critical Thinking) әдістемесі сабақтың үш құрылымдық кезеңін ұстанады: “Қызығушылықты ояту – Мағынаны ажырату – Ой-толғаныс”. Бұл құрылым ойлау процесінің қалайша өрбитіндігін сипаттап, әрбір оқушыны “өзінің курстастары және мұғаліммен жүргізетін рефлексиялық диалогқа жұмылдыруды” көздейді.
“Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1.Қызығушылықты ояту ;
2.Мағынаны тану ;
3.Ой –толғаныс ;