Т-кестесі. Бір-біріне қарама-қарсы (“иә/жоқ”, “келісемін/келіспеймін”, “қарсымын/жақтаймын” секілді) немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам) кестерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада мұғалім бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр жұп/топ бұл кестеге екі-үш пікірін ұсынады.Мақсаты – қарама – қарсы нәрселерді,сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді.