Сыни ойлау оқу барысында маңызды рөл атқарады. Оқуда табысқа жету үшін зерттеліп отырған нақты пәндердің тақырыбын жетік білу қажет. Сыни ойлау сабақ үстінде болып жатқан қиын тақырыптарды жеңілдете алмауы мүмкін, ал бірақ жинақталатын тәжірибе арқылы уақыт өте келе оқулықта келтірілген дәлелдер мен дәйектерді түсінуді елеулі түрде арттырады. Бұл өтілген сабақтың тақырыбын жақсы түсінуге айтарлықтай ықпал етеді. Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.